Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.
Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді, - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 328 қазақстандық ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер