Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар«Болашақ» бағдарламасы бойынша инженерлік және техникалық мамандықтарға берілетін гранттар саны 36%-дан 60% дейін ұлғайтылды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқармасы төрағасы Әнуар Жанғозин айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Биыл «Болашақ» бағдарламасының ЖОО тізіміне 23 жетекші әлемдік техникалық университет енгіздік. 26 мемлекеттің 236 университеті қарастырылған. Техникалық мамандықтардың тізіміне 40 жаңа мамандықты енгіздік», - деді ол.
Биыл 14 қазанда «Болашақ» бағдарламасына құжат тапсырғандардың басым бөлігі техникалық-инженерлік бағыттағы мамандықтарды таңдағанын атап өтті.
«Алдағы уақытта инженерлік-техник мамандары үшін арнайы жеңілдік енгізіледі. Ендігіде техникалық мамандыққа құжат тапсырғанда университеттен шақырту алу міндетті болмайды», - деді Әнуар Жанғозин.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша мынадай талаптар қарастырылады:
«Осындай талаптарға сай келетін үміткерлер конкурсқа қатысып, Болашақ стидендиясына ие болу үшін мүмкіндіктер қарастырылды. Техникалық мамандар университетке емес, «Болашақ» стиендиясына түссе, оларға арнайы тілдік курстар ұйымдастырылады. Курс арқылы тіл білу деңгейін арттырған соң, қалаған университетіне оқуға бара алады», - деді Әнуар Жанғозин.
Сонымен қатар, техникалық мамандықтармен қатар, медициналық мамандықтарға да жеңілдік қарастырылатынын айтты.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?