28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБокстан Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша бәсеке өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды. Додада қазақстандық боксшылар 24 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы ерлер командасында 12 медаль еншіледі. Азия чемпионы атанғандар: Алексей Хаванцев, Төрехан Сабырхан, өнер Сейілхан, Санжарәлі Бегалиев, Мадияр Бексұлтанов.
86 келіде Иманғали Нұрпейіс күміс жүлдегер атанса, қола медаль иегерлері: 51 келі салмақ дәрежесінде Бексұлтан Боранбек, 54 келі - Нұрасыл Төлебек, 57 келі - Жансері Көшербаев, 63,5 келі - Ахмет Үсен, 92 келі - Расул Асанханов, +92 келі Нұркелді Жұматай.
Қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 12 медаль иеленді: 6 алтын, 3 күміс, 3 қола. Чемпиондар: Аяжан Сыдық, Аяжан Ермек, Толғанай Қасымхан, Ұлдана Таубай, Шұғыла Нәлібай, Аружан Зейноллаева.
Екінші орында: Бағжан Отынбай, Мария Сидоренко, Панар Сейітханқызы.
Қола жүлдегерлер: Әнел Абдрасилова, Элянур Тұрғанова, Аружан Жаңабаева.
Жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте.
Төрехан Сабырхан екінші жыл қатарынан жастар санатында Азия чемпионатының «ең үздік боксшы» номинациясын жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары (1-орын — 700$, 2-орын — 400$, 3-орын — 200$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жарыс соңында 10 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді:
Ең үздік жас қыз боксшы — Альмира Абдрайымму (Қытай)
Ең үздік жас ұл боксшы — Төрехан Сабырхан (Қазақстан).
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?