Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Страндж» халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.
1/16 финалда 57 келіге дейінгі салмақтағы О.Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахермен жұдырықтасып, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті Ирландия боксшысына берді.
Осылайша, Оразбек Асылқұлов жарыстың келесі кезеңіне өтіп, онда Луис Оливейра (Бразилия) - Джамал Харви (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесетін болады.
Асылқұлов 2021 жылы Қазақстан чемпионы атанған. «Страндждағы» алғашқы қарсыласы Джуд Галлахер - Ирландия чемпионы, ол Достастық ойындарының алтын және жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?