Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.
Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, әзірге құрлық додасында бақ сынайтын боксшылар есімі белгісіз.
Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жақында Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтардағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз, - деді бас бапкер.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң бокстан Қазақстан командасында өзгерістер болып, бас бапкер қызметіне Қайрат Сәтжанов кірісті.
Ол осы қызметте Мырзағали Айтжановты алмастырған болатын.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік