20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек4-12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын турнир өтеді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апенин түбегінде барлығы 114 елден келген 668 спортшы жолдамаға таласады. Қазақстан намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің тізімі белгілі болды.
Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар тізімі:
51 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Махмұд Сабырхан
63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
71 келі: Асланбек Шымбергенов
80 келі: Нұрбек Оралбай
92 келі: Айбек Оралбай
Ерлер арасында 28 жолдама үлестіріледі.
Әйелдер құрамы:
50 келі. Алуа Балқыбекова
54 келі. Жайна Шекербекова
60 келі. Римма Волосенко
66 келі. Наталья Богданова
75 келі. Валентина Хальзова
Әйелдерде 21 жолдама үлестіріледі.
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан еншісінде әзірге екі жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?