20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Астана қаласында бокстан ІІ «Елорда кубогы» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шаршы алаң додасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясы, Астана қаласының əкімдігі мен Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен Beeline Arena спорт кешенінде өтті. Демеушілері - «Самұрық Қазына» АҚ, «Туризм жəне спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративті қоры.
Апта бойы ерлер 13, əйелдер 12 салмақта кім мықтыны анықтады. «Елорда Кубогының» жүлдесі үшін 10 елден келген 200-ден астам боксшы бақ сынады. Ұлттық құрама сапында Олимпиада, əлем жəне Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері болғанын айта кетейік.
Жүлде қоры:
- 1-орын -700 USD
- 2-орын - 400 USD
- 3-орын – 200 USD (əрқайсына).
Осы тұста Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер қосыны турнир кезінде бірнеше салмақтағы негізгі боксшыны анықтап алғанын айта кеткен жөн. Мысалы, 57, 63,5 жəне 92 кг салмақта жақсы нəтиже көрсеткен спортшылар Ханьчжоудағы Азия ойындарына (Қытай) іріктеу кезінде қосымша мүмкіндік алады.
Ерлер арасындағы əр салмақтағы чемпион:
48 кг: Теміртас Жүсіпов
51 кг: Сəкен Бибосынов
54 кг: Тимур Қабдешев
57 кг: Махмұд Сабырхан
60 кг: Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан)
63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов
67 кг: Шамшер Саидов (Тəжікстан)
71 кг: Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)
75 кг: Нұрқанат Райыс
80 кг: Тоқтарбек Таңатхан
86 кг: Абзал Құттыбеков
92 кг: Сағындық Тоғамбай
+ 92 кг: Данаби Байғазы (Қытай) Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)
Əйелдер арасындағы əр салмақтағы чемпион:
48 кг: Алуа Балқыбекова
50 кг: Назым Қызайбай
52 кг: Ву Ю (Қытай)
54 кг: Жайна Шекербекова
57 кг: Виктория Графеева
60 кг: Римма Волосенко
63 кг: Янг Ченгу (Қытай)
66 кг: Наталья Богданова
70 кг: Жасмин Қизатова
75 кг: Ли Кьян (Қытай)
81 кг: Ванг Лина (Қытай)
+ 81 кг: Елдана Талипова
Ерлер арасында биылғы турнирдің үздік боксшысы отандасымыз Махмұд Сабырхан (57 кг) атанса, əйелдер арасында бұл атақ қытайлық Янг Ченгуге (63 кг) бұйырды. Үздік рефери - Ерлан Ғазизов, үздік төреші Ғани Ысқақовқа берілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?