Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТаиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық үш боксшы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ерасыл Жакпеков 80 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Джасурбек Юлдошевпен жұдырықтасып, оны екінші раундта нокдаунға жібергенімен, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Сөйтіп ол қола жүлдемен шектелді.
Сондай-ақ 92 келіге дейінгі салмақта рингке шыққан Ерхат Бекзат өзбекстандық Нусратбек Тохировке есе жіберді – 0:5.
Аса ауыр салмақта Аманат Сабырғали тағы бір өзбекстандық Джахонгир Зокировпен шеберлік байқасты. Екінші раундта Аманат дәл соққы алып, рефери есеп ашты. Ақыры төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс өзбекстандық боксшының еншісінде кетті.
Осылайша, боксшыларымыздың үшеуі де өзбекстандықтардан ұтылып қалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді