Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБокстан World Boxing ұйымы өткізгелі жатқан Фос-ду-Игуасудағы (Бразилия) Әлем кубогының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жарысқа әлемнің 19 елінен 130 спортшы жүлдеге үшін бақ сынайды. Азия құрлығынан аталмыш жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тайбэй және Үндістан қатысады.
Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды:
- 50 келі, ширек финал: Нұрзат Оңғаров – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)
- 55 келі, 1/8 финал: Нұрсұлтан Алтынбек – Майкл Триндаде (Бразилия)
- 60 келі, ширек финал: Талғат Сырымбетов – Луиз Оливейра (Бразилия)
- 65 келі, 1/8 финал: Алмат Әбдуәлі – Юри Рейес Фалькао (Бразилия)
Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Асахуджа Муйдинхуджаевпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.
- 70 келі, ширек финал: Дархан Дүйсебай
Ширек финалда Макан Траоре (Франция) мен Криштиану Перейраның (Бразилия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
- 80 келі, ширек финал: Диас Молжігітов – Никоден Козак (Польша)
- 85 келі, жартылай финал: Дәулет Төлемісов
Жартылай финалда Абдулайе Траоре (Франция) немесе Жугно Жугномен (Үндістан) жекпе-жек өткізеді.
- 90 келіден жоғары, ширек финал: Даниял Сапарбай – Нарендер (Үндістан)
Әйелдер арасында:
- 51 келі, ширек финал: Жазира Орақбаева — Каролин Алмейда (Бразилия)
- 54 келі, ширек финал: Анита Адишева — Виктория Рогалиньска (Польша)
- 57 келі, жартылай финал: Ұлжан Сәрсенбек — Юлия Шеремета (Польша) / Алиса Мендоса (АҚШ)
Турнир 5 сәуірде мәресіне жетеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді