14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр. 17 маусым күні Қазақстан құрамасының үш боксшысы шаршы алаңға шығады.
16 маусым күнгі жарыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшін күн аралас аяқталды.
Нұрбек Оралбай тағы да жеңілді
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (90 келі) ширек финалда әлем чемпионы, өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістірді. Тартысты өткен кездесуде қарсыласы 3:2 есебімен басым түсіп, қазақстандық боксшы жарыс жолын аяқтады.
Ал 65 келідегі Санатәлі Төлтаев 1/16 финалда Әзербайжан спортшысы Малик Хасановты жеңіп, келесі кезеңге өтті. Жекпе-жектің екінші раундында қарсыласы жарақат алып, төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
75 келі салмақтағы Тимур Нұрсейітов те сәтті өнер көрсетті. Ол 1/8 финалда Ирландия боксшысы Тадхг Одонеллді 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Әйелдер арасында үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (54 келі) Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, оңтүстіккореялық Им Э Джиді 4:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Аққалықов қазақ-өзбек дербиінде басым түсе ала ма?
17 маусым күні Қазақстан құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 09:00)
Алдымен, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов (60 келі) 1/8 финалда АҚШ өкілі Салим Еллис Беймен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қарсыласына есе жіберді.
Ал Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогында бірінші жеңісін тіркеді. Ол өткен Әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасты. Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай өз бақылауында ұстап, 4:1 есебімен басым түсті.
Кешкі сессия (Қазақстан уақытымен 15:30)
* 80 келі. 1/8 финал
Сабыржан Аққалықов – Жавохир Умматалиев (Өзбекстан)
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды