Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстан облысында бокстан әлем чемпионы Наталья Богдановаға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара барысында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов спортшыны айтулы жетістігімен құттықтап, оның бапкері Дастан Кабденовке кәсіби шеберлігі мен жанкешті еңбегі үшін алғыс білдірді.
Натальяның таланты, табандылығы мен жанкешті еңбегі, сондай-ақ оның жаттықтырушысы Дастан Кабденовтың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығының нәтижесінде, еліміздің көк байрағы тағы да халықаралық аренада биікке көтерілді. Бұл жеңіс - жас спортшылар үшін үлкен үлгі әрі өңірімізде бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Натальяның отбасы мен жақындарына шын жүректен алғыс айтамын! Бұл – үлкен жолдың бастауы ғана. Алда Наталья мен Дастанды әлі талай асулар күтіп тұр. Сәттілік тілеймін!,- деді облыс әкімі.
Кездесуде әлем чемпионына су жаңа көлік кілті табысталып, оның бапкері Дастан Қабденовке 3 млн теңге көлемінде қаржылай сертификат берілді.
Еске салсақ, 70 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Наталья Богданова Ливерпульда өткен әлем чемпионатында алтын медальға ие болған еді. Бұрымды спортшы облыс тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?