10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖамбыл облысында «Жыл үздігі – 2023» спорттық номинациясы жеңімпаздарын марапатталды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдегі дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына қосқан үлесі мен жетістігі үшін бірқатар азаматтар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хатқа ие болды.
Аймақ басшысы өз сөзінде қасиетті Әулиеата өңірінің жақсы спорттық дәстүрі мен жеңісті жолдары ежелден қалыптасқанын атап өтіп, бірқатар көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.
Айта кетейік, облыс спортшылары ағымдағы жылы республикалық және халықаралық байрақтарда 1 600-ге жуық медальға ие болды. Бүгінде 805 жамбылдық спортшы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командалары сапында өнер көрсетеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста бұқаралық спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде.
2023 жылдың қорытындысымен облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың қатары 492 мың адамға (40,3%) жетті.
Биыл өңірде 22 спорт кешенінің құрылысы қолға алынды десек, оның 10-ны пайдалануға берілген, қалған 12-сі келер жылы аяқталады деп күтілуде.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді