29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Дана Дидай грантқа ілікпей қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былғары қолғап шебері құжатын Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясына тапсырған. Дегенмен тегін білім алатындар тізіміне енбеген. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов айтты.
Ал оқу ақысы жылына 750 мың теңге. Мұны төлеу спортшыға оңай емес.
Дана өмір бойы бокспен айналысып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Спорт шебері деген атағы бар. Сөйте тұра дене шынықтыру бағытында академияда білім ала алмайды. Ақылы негізде оқуға болады. Жылына 750 мың төлеу керек екен. Енді «мен әрі қарай жаттығуымды жалғастырамын ба, әлде ақша табудың амалын іздеймін бе?» деп жанайқайын жеткізіп жатыр. Обал. Тікелей грант болмаса да, әртүрлі баламалары болатын еді ғой. Әкімнің гранты, ректордың гранты деген сияқты. Осы жағдай және осындай жағдайлар спортшылардың жетістігі ескеріле отырып, оң шешімін табады деген үміттемін, - деп жазды Қаженов.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек