29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары7 желтоқсанда Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында рингке соңғы болып көтерілген Абылайхан Жүсіпов жарысты сенімді жеңіспен бастады.
71 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін тәжірибелі боксшы армян Арарат Арутюнянды айқын басымдықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының жүлде жолындағы жеңісті сериясы жалғасты.
Ертең, 8 желтоқсанда, құрама сапынан 37 жастағы тәжірибелі боксшы Теміртас Жүсіпов пен аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай шаршы алаңда алғашқы айқастарын өткізеді.
Айта кетейік, 4 желтоқсанда басталған әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін созылады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек