29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан құрамасы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте топ жарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде сенімді түрде бірінші орынға шықты.
Қазақстандық боксшылар барлығы 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.
Медальдар кестесіндегі алғашқы үштік:
1. Қазақстан – 10 (7–1–2)
2. Өзбекстан – 11 (6–2–3)
3. Үндістан – 4 (2–1–1)
Әлем чемпиондары атанған боксшылар:
• Санжар Тәшкенбай (50 кг)
• Махмұд Сабырхан (55 кг)
• Төрехан Сабырхан (70 кг)
• Айбек Оралбай (+90 кг)
• Алуа Балқыбекова (51 кг)
• Аида Әбікеева (65 кг)
• Наталья Богданова (70 кг)
Күміс медальді Назым Қызайбай (48 кг) еншілесе, қола жүлдеге Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+80 кг) қол жеткізді.
Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында алғаш рет World Boxingұйымының аясында өтті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек