7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Бүгін, 5 желтоқсан күні, бокстан Дубайдағы әлем чемпионатының екінші күні.
IBA ұйымдастыруымен өтіп жатқан аламанда шаршы алаңға үш бірдей боксшымыз шығады.
Алдымен 67 келі салмақта Санатәлі Төлтаев замбиялық Жералд Кабиндамен жұдырықтасса, 80 келінің өкілі Ерасыл Жақпеков Буркина-Фасо боксшысы Зуграна Эбенезердің әуселесін байқап көреді.
Ал 86 келіде бокстасатын Дәулет Төлемісов бразилиялық Сюза Рамон Ботагелломен кездесу өткізеді.
Сонымен қатар бұл күні жанкүйерлер Моңғолия атынан өнер көрсететін қазақ баласы Жандос Асқардың айқасын тамашалай алады.
Жарыстың алғашқы күнінде аса ауыр салмақта өнер көрсететін Нурмагамед Юсупов тәжікстандық қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?