20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБокстан 75 келі салмақта сынға түскен Валентина Хальзова Olympic.kz сайтына берген сұхбатында алғашқы айналымдағы жеңілісінің себебін түсіндірді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Екі раунд алда тұрдым. Үшінші кезеңде де есепте алда болдым деп ойлаймын. Маған солай көрінді. Төрешілік туралы ештеңе айта алмаймын. Солай болуы керек шығар. Қарсыласым Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері. Өте тәжірибелі спортшы.
Бірақ мен алғашқы екі раундқа қарағанда үшінші раундта әлдеқайда дәлірек болдым. Қойылған тактиканың 60 пайызын орындадым. Соққыларын күтіп ала бастадым. Екінші раундтың басында ол мені басымен соқты. Содан соң, екі раунд бойы демала алмай, капа арқылы демалуға тырыстым.
Төрешілік туралы не айтамын? Төбелестен соң жұдырық жұмсамайды. Әрине, өкінішті. Қаншама жұмыс істеліп, бәрінің осылай аяқталғаны... Мен осы Олимпиадада Қазақстан әнұраны шырқалады деп сенемін, - деді Хальзова.
Айта кетелік, Валентина Хальзова панамалық спортшыға есе жіберді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?