Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБоксшы Талғат Сырымбетов әлем чемпионатында екінші кездесуіндегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өкінішке қарай, жеңіске жете алмадым. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Жекпе-жек аяқталды. Ұтылғанымды мойындаймын. Қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Алдағы жарыстарға мықты болып ораламын, - деді ол.
Әлем чемпионатына алғашқы рет қатысып жатқан боксшымыз 1/16 финалда Азия чемпионы иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехқа есе жіберді. Осылайша Талғат әлем чемпионатын аяқтады.
Айта кетейік, 1 мамырда басталған әлем чемпионаты 14 мамырда аяқталады. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысып жатқанын мәлім етті.
Аталған чемпионатта жеңімпаз атанған спортшыға ІВА 200 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыстайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді