29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық боксшы Серік Теміржанов Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
60 келіге дейінгі салмақта ол замбиялық Эндрю Чилатамен кездесіп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.
2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанған Серік Теміржанов осылайша ширек финалға өтті. Ал оның қарсыласы жарысты осы кезеңде аяқтады.
Еске салайық, Теміржанов турнирді моңғолиялық Цэндбаатар Эрдэнэбатқа қарсы айқын жеңіспен (5:0) бастаған болатын.
IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек