20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКәсіпқой боксшы Қанат Ислам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым - Қанат Ислам. Мен кәсіби боксшымын. Біз Qazaq promotion компаниясы 2016 жылдан бері кәсіби бокс кештерін өткіземіз. Қазір танымал болған Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ермосынұлы сияқты спортшылар осындай кештердің бірінде алғаш рет дебют жасаған болатын. 2019-2020 жылдардан кейін әртүрлі себептермен біз кәсіби бокс кештерін өткізе алмай келеміз. Сіз осындай бокс кештерін өткізу мүмкіндігін жеке қолдап, бақылауға алсаңыз деп үміттенеміз, - деп жазды Қанат Ислам.
Сондай-ақ ол боксшылар 2-3 ай бұрын кәсіби бокс кешін өткізуге көмек сұрап хат жазғанын, бірақ жауап алмағанын да атап өтті.
Қанат Исламның айтуынша, қазір кәсіби бокс кешіне дайындық жүріп жатыр.
Еліміздің 10 спортшысы 16 желтоқсанда Астанада өнер көрсетуге дайындалуда.
Қанат Ислам мемлекет басшсының көмегі мен қолдауына үміттенеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?