29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді түрде жеңді.
1/16 финалда 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Буркина-Фасо елінің өкілі Эбенезер Тене Гесвенде Зугранамен жұдырықтасып, кездесуді бірінші раундта-ақ тәмамдады. Қарсыласы үш рет нокдаунға түскеннен кейін рефери жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдап, Жақпековті жеңімпаз деп тапты.
2024 жылғы жастар арасында Азия чемпионы және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанған Ерасыл Жақпеков осылайша келесі кезеңге жолдама алды. Ал оның қарсыласы әлем чемпионатындағы жорығын тоқтатты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Бұған дейін аса ауыр салмақта Магамед Юсупов пен 67 келінің өкілі Санатәлі Төлтаев жеңіске жетті.
Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,32 миллион доллар.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек