29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыДубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) әлем чемпионатында қазақстандық Даниял Сәбит сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
51 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған боксшы 1/16 финалда кениялық Кельвин Майнамен қолғап түйістірді.
Азия чемпионатының күміс жүлдегері және Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған Даниял қарсыласын тізе бүктіріп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал Майна турнирдегі жолын осы тұста тоқтатты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл әлем біріншілігіне барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Бұған дейін бес бірдей тарланымыз алғашқы айналымнан сүрінбей өткен.
Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек