29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап ауызашар берді. Жиында алдағы Олимпиадада жақсы нәтижеге қол жеткізген спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокс федерциясының мәліметінше, ауызашар барысында жақында Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, ұлттық құранмаың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.
(Фото: Бокс федерациясы)
Жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері айтылды:
1-орын: 220 000 $
2-орын: 120 000 $
3-орын: 70 000 $
4-орын: 30 000 $
5-орын: 10 000 $
Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек