28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕнді блогерлер саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс отырысында мәселе көтеріліп, депутаттар сайлауды жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда қарады.
Жиын барысында Мәжіліс депутаты Никита Шаталов мынадай мысал келтіре отыра, сөз алды.
Үлкен аудиториясы бар блогер кадрда үнемі партия символикасы бейнеленген кепкамен шығып, сөз сөйлейді делік. Кандидатты ашық қолдайды, бірақ ешқандай ақы алмайды, алса да келісімшарт жасаспайды. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы блогердің әрекетін қалай бағалайды? Азаматтың өз бетінше жүргізген үгіт-насихаты ретінде ме, жасырын үгіт-насихат ретінде ме, әлде шығындар мен есептілікте көрсетілуі тиіс науқанның элементі ретінде ме? - деп сұрады Шаталов.
ОСК хатшысы Шавқат Өтемісов егер блогер кандидатпен немесе партиямен келісімшарт жасаспай, жарнамалайтын болса, онда оның іс-әрекеті жасырын үгіт-насихат ретінде бағалануы мүмкін екенін айтты.
Егер жазбаша келісім болмаса, онда бұл жасырын үгіт-насихат болып саналады. Бұл үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 118-бабында жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайда блогер кандидатпен ешқандай байланыста болмаса да, жауапқа тартылуы мүмкін, - деді Өтемісов.
Ол сондай-ақ блогер бұрын сайлау науқанында ресми түрде жарнама алса, ары қарай да осы бағытта жұмыс істей беретінін айтты.
Егер блогер бұған дейін қандай да бір кандидатқа немесе партияға келісімшарт негізінде жарнама жасаған болса, онда басқа да партияға қызметін ұсынуға міндетті, - деп толықтырды ОСК хатшысы.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?