29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен қамауға алынған журналист-блогер Махамбет Абжанның отбасы мүшелерінің банктік шотына шектеу қойылғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz
«Күдікті М. Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының банктік шоттарына шектеу қойылғаны туралы Telegram арналардың бірінде ақпарат тарады. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз», - деген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, тергеу аясында күдіктінің банктік шотына ғана шектеу қойылған.
«Жалған ақпарат қоғамдық пікірді басқару және тергеуге әсер ету мақсатында таратылады. Азаматтардан ресми ақпарат көзіне сүйенуін сұраймыз», - деп хабарлайды агенттіктен.
Еске салсақ, журналист-блогер Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынған еді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек