2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрForbes Kazakhstan журналы дәстүрлі «30 жасқа дейінгі 30» рейтингінің кезекті тізімін таныстырды. Жыл сайын жасалып келетін бұл рейтингке ғылым, бизнес, технология, спорт, медиа, өнер және қоғамдық қызмет салаларында ерекше жетістікке жеткен қазақстандық жастар енеді.
Басылымның мәліметінше, үміткерлер журналдың ресми сайты арқылы қабылданған өтінімдер, сарапшылардың ұсыныстары және редакцияның жеке зерттеулері негізінде таңдалған. Биылғы тізімде спортшылардан бастап жас ғалымдар мен кәсіпкерлерге дейінгі түрлі саланың өкілдері бар.\
Оқи отырыңыз:
Спорттағы жаңа буын
Рейтингке қазақстандық футболдың болашағынан зор үміт күттіретін бірнеше ойыншы енді. Солардың бірі – алматылық «Қайрат» клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев. Соңғы жылдары жарқын ойынымен көзге түскен футболшы 2025 жылы Қазақстан Премьер-лигасының үздік ойыншысы атанып, кейін Англияның әйгілі «Челси» клубына ауысу туралы келісімге қол жеткізді. Осылайша ол лондондық клуб сапына қосылатын алғашқы қазақстандық футболшы болмақ.
Тізімнен «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің де есімін көруге болады. Ол өткен маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу және плей-офф кезеңдеріндегі сенімді ойынымен жанкүйерлердің назарын аударған еді.
Forbes таңдаған жастар қатарында 15 жастағы Карим Меңдіқанов та бар. Жас футболшы Испанияның «Барселона» академиясына қабылданып, клуб тарихындағы алғашқы қазақстандық ойыншы атану мүмкіндігіне ие болды.
Спорт саласындағы үздіктер тізіміне Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик пен халықаралық аренада танылған киберспортшы Данил Голубенко да енгізілді.
Ғылым мен кәсіпкерліктегі жетістіктер
Рейтингке жасанды интеллект пен молекулалық модельдеу бағытында зерттеу жүргізіп жүрген ғалым Әділ Қабылда да енді. Оның ғылыми жұмыстары халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, Google компаниясының зерттеу грантына ие болған.
Сондай-ақ тізімнен Concord компаниялар тобының тең құрылтайшысы Алдияр Жұмағұловтың, төтенше жағдайда жедел көмек шақыруға арналған AMAN Online платформасының негізін қалаушы Аружан Мөденің және митохондрияларды трансплантациялау технологиясын әзірлеген Темурхан Аюповтың есімдері орын алды.
Медиа және шығармашылық индустрия
Жас көшбасшылар арасында халықаралық WIBA Awards сыйлығының иегері, танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим де бар. Әлеуметтік желілерде миллиондаған көрермен жинаған «Жас аспаз» жобасының авторы Дулат Тантаев та рейтингке енгендердің қатарында. Небәрі 17 жастағы контент жасаушы бүгінде қазақстандық жастар арасындағы ең танымал блогерлердің бірі саналады.
Өнер саласында Forbes опера әншісі Әйгерім Алтынбек пен сән фотографы Ахат Сабидулланы ерекше атап өтті. Forbes Kazakhstan бұл рейтингті 2018 жылдан бері жариялап келеді. Басылымның айтуынша, жоба елдегі талантты әрі бастамашыл жастарды танытып, олардың жетістіктерін көпшілікке насихаттауды мақсат етеді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова