20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүрксіб ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерумен байланысты әкімдіктің лауазымды тұлғаларының құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері өз өкілеттіктерінің шегінен шығып кәсіпкерлерден құжаттарды (тауарларға ілеспе жүк құжаттарды) заңсыз негізде ұсынуды талап еткен. Мұндай әрекеттер заңнамаға қайшы келеді, себебі тексерушілерде бизнестен құжаттаманы талап ету үшін құқықтық негіздер болмаған. Тексеру жүргізу тәртібін бұзу фактілері бойынша аудан әкімдері аппараттарының 6 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды (25 материал бойынша 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды), - делінген хабарламада.
Бұдан басқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы) жауаптылыққа тартылды.
Қазіргі уақытта барлық айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?