22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыӘлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Қазақстан әйелдер хоккей құрамасының ойыншылары бірнеше айдан бері жалақысыз жүргендерін мәлімдеді. Бұл туралы ұлттық құраманың шабуылшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Малика Алдабергенова әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, спортшылар бес айдан бері еңбекақыларын ала алмай келеді, деп хабарлайды El.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Малика Алдабергенова бұл мәселені көтеруге мәжбүр болғанын айтады. Оның сөзінше, спортшыларға ай сайын жалақы төленетін жаңа мерзім айтылғанымен, мәселе әлі күнге дейін шешілмеген.
Көпшілік Миша Шайдоровтың жағдайын біледі. Біреулер мені оның танымалдылығын пайдаланып, өз мәселеме назар аудартқысы келді деп ойлауы мүмкін. Бірақ, өкінішке қарай, бізді басқаша ешкім естімейді. Бесінші ай қатарынан жалақымыз төленбей келеді. Ай сайын жаңа мерзім айтылады: алдымен бір күнді уәде етеді, кейін оны кейінге шегереді, одан соң ай соңына дейін күтуді сұрайды. Осы жағдай қайта-қайта қайталанып жатыр, – деп жазды спортшы.
Ол әйелдер хоккейінің мәселелері көп жағдайда назардан тыс қалып жататынын айтты.
Көпшілік тек нәтижені, медальдарды және жарыстардағы суреттерді көреді. Бірақ сол жетістіктердің артында қаншама еңбек, уақыт пен күш-жігер тұрғанын біле бермейді. Сондай-ақ көптеген адам бұл жағдайға кім жауапты екенін сұрап жатыр. Біздің білуімізше, мәселе Алматы қаласының Спорт басқармасының құзыретінде. Сондықтан қала басшылығы біздің мәселемізге назар аударып, оны шешуге көмектеседі деп үміттенеміз, – деді Алдабергенова.
Хоккейші бұл жазбаны жанжал шығару немесе танымалдық үшін емес, мәселеге назар аударту мақсатында жариялағанын атап өткен.
Мен тек спортшылар тап болған жағдай туралы айтып, дауысымыздың естілуін қаладым. Бізді қолдап, ақпараттың таралуына көмектесіп жатқан барлық адамға алғыс айтамын. Бұл біз үшін өте маңызды, – деді ол.
Сонымен қатар спортшы клуб басшылығына қатысты жағымсыз пікірлер жазбауға шақырды. Оның айтуынша, «Айсұлу» клубының басшылығы мәселені шешуге тырысып жатыр.
Керісінше, «Айсұлу» клубының басшылығы осы уақыт бойы мәселені шешуге тырысып келеді және спортшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Біздің білуімізше, мәселе клубқа бөлінуі тиіс қаржының әлі түспеуіне байланысты. Сондықтан клуб басшылығын айыптамауды және оларға қатысты жағымсыз пікір жазбауды сұраймын. Біз бәріміз осы жағдайдың бір жағындамыз және мәселенің мүмкіндігінше тезірек шешілуіне мүдделіміз, – деп жазды хоккейші.
Айта кетейік, Малика Алдабергенова бес жасынан бері хоккеймен айналысады. Ол – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері және ұзақ жылдан бері «Айсұлу» әйелдер хоккей клубының намысын қорғап келеді. Биыл сәуір айында Алдабергенова өнер көрсеткен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған болатын.
Мәселеге қатысты Алматы қаласының Спорт басқармасы түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, басқарма бұрын жасалған келісімшарттар бойынша барлық міндеттемелерін толық орындаған және қазір хоккей клубтарының алдында қаржылық берешегі жоқ.
Алматы қаласының Спорт басқармасы бұрын жасалған келісімшарттар бойынша барлық міндеттемелерін толық көлемде орындады. Қазіргі уақытта Алматы хоккей клубтарының алдында орындалмаған қаржылық міндеттемелер жоқ, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Басқарманың түсіндіруінше, мемлекеттік қаржыландыру бюджет жылы аясында жүзеге асырылады. Ал 2025 жылға жасалған келісімшарттардың мерзімі өткен жылдың соңында аяқталған.
"Айсұлу" хоккей клубы толықтай жекеменшік заңды тұлға болып табылады және мемлекеттік ұйымдарға жатпайды. Сондықтан жалақы төлеу, клубтың ағымдағы қызметін қамтамасыз ету және қызметкерлер алдындағы міндеттемелерді орындау мәселелері клубтың өз құзыретіне кіреді, – делінген ресми жауапта.
Сондай-ақ ведомство жалақы бойынша қарыздың болуы немесе болмауы нақты бір ұйымның қызметіне байланысты екенін атап өтті.
Жалақы бойынша берешектің болуы нақты заңды тұлғаның қызмет нәтижесі болып табылады және бұрынғы келісімшарттар бойынша міндеттемелерін толық орындаған мемлекеттік органға жүктеле алмайды, – деп мәлімдеді басқарма.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының Спорт басқармасы 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізіп жатқанын хабарлады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев