29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыДзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионы Нұрлан Исатаев Қазақстан азаматтығын алу туралы шешімінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан азаматтығын әкем екеуміз 2023 жылы алдық. Бізге бұған бапкерім Алтынбек Сұпағалиев көмектесті. Ол маған Загребте өткен әлем чемпионатында да көмектескен. Біз – қазақпыз және тарихи Отанымызда өмір сүргіміз келеді. Ана тілімізде сөйлегіміз келеді. Оралға келгенде маған бәрі ұнады, қазір 11-сыныпта оқимын. Мені жылы қабылдады. Әлемдік біріншіліктегі жеңісім үшін жергілікті билік пәтер сыйлады. Туыстарым Орынборда тұрады, бірақ қонаққа келіп тұрады, - деді Нұрлан Исатаев.
Спортшы алдағы жоспары жайлы да айтты. Ол 2028 жылы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткісі келетінін алға тартты.
Айта кетейік, Нұрлан Исатаев Қазақстан сапында Хорватия астанасы Заргебте өткен әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек