20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау тетіктері мен жеңілдетілген несие беру бойынша өткен Мәжілістің комитет отырысында депутат Жигули Дайрабаев жауапты басшыларды сын садағына алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиын барысында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков еліміз бойынша корпорацияның 19 филиалы барын және бүгінге дейін 2,6 триллион теңгеге дейін несие берілгенін тілге тиек еткен.
Біз агроөнеркәсіп кешенінің әртүрлі инвестициялық және басқа да қызметтерді қаржыландырып, көктемгі егіс жұмыстарына қаражат береміз. Бұдан бөлек, корпорацияға 88 мыңға жуық фермер қарайды. Еліміз бойынша фермерлердің 31, 4 пайызын қамтып отырмыз. 2022 жылы корпорация кәсіпкерлерді 360 миллиард теңгеге қаржыландырды. Мәселен 2016 жылмен салыстырғанда қаржыландыру екі жарым есеге өсті. Осы жылы агроөнеркәсіптік субъектілерін қаржыландыру үшін 330 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырмыз, – дейді вице-министр.
Бірақ оның сөзі депутат Жигули Дайрабаевқа ұнаған жоқ. Ол фермелерге қатысты мәселені сынға алып, шаруашылықпен айналысып жатқан қант зауыттары ештеңемен басын ауыртпай отырғанын жеткізді.
«ҚазАгроҚаржы» басқарма төрағасы Айдар Прашев мырза үніңіз естілмейді. Сіз мына жалауды алып тұрып, фермерлердің алдына түсіп жүруіңіз керек. Бізге қызметтеріңіз қызықтырмайды. Бізді қызықтыратыны әрбір фермердің жанайқайы мен мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін шешу. Президент тапсырмасын орындау. Мемлекет басшысы 2,5 пайызға еңбек өнімділігін арттыру керек деді. Біз мұны күрекпен арттырамыз ба?, – деді мәжілісмен Дайрабаев.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?