20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАида Балаева «Мерейлі отбасы-2022» байқауының марапаттау рәсімінде жеңімпаздарды құттықтады, деп хабарлайды El.kz.
Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева алғашқы сөзінде биылғы отбасы байқауының марапаттау рәсімінің ерекше екеніне тоқтала кетті.
«Биылғы марапаттау рәсімі жылдағыдан ерекше. Себебі салтанатты шара бүгінде ұлттық мәртебе алған Республика күні қарсаңында өтіп жатыр. Республика күні - еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамын айшықтайтын, халқымыздың бірлігі мен берекесін одан әрі нығайтатын ең маңызды ұлттық мейрам. Баршаңызға мереке құтты болсын!», - деді ол.
Сондай-ақ Аида Балаева «Мерейлі отбасы-2022» байқауына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударды деп отыр.
«Осы жылдар ішінде үлгілі отбасы мәртебесіне елімізден 20 мыңнан астам жанұя ие болды. Өздеріңізге мәлім, күні кеше Президентіміз бірнеше отбасын арнайы атап өтті, осы байқаудың мән-маңызына ерекше назар аударды. Бүгін де өздеріңізге деген ыстық лебізін жеткізіп отыр», - деді Аида Балаева.
Сөз соңында Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Мерейлі отбасы - 2022» ұлттық конкурсының лауреаттарына жолдаған құттықтауын оқып берді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?