10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр бүгінде ел экономикасы өсу жолында екенін атап өтті.
Мен бүгін Мемлекет басшысына еліміздегі ағымдағы экономикалық жағдай туралы баяндадым. Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4% құрады. Өздеріңіз білетіндей, мұнай секторында тұрақсыздық сақталуда. Биыл 2 млн тонна мұнай кем өндірілді. Соған қарамастан отандық экономика шикізаттық емес сектордың есебінен өсіп келеді. Бұл экономиканы әртараптандырудың арта түскенін білдіреді. Президент экономиканы одан әрі дамыту жөнінде тиісті тапсырмалар берді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Экономикалық белсенділікті ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар біршама нәтиже бергені атап өтілді. Мәселен, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және көлік саласындағы өсім жылдық жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді