Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік
Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларына қатысты жұмыс тәсілдерін жетілдіруде, – деп хабарлайды El.kz.
Атап айтқанда, аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды. Сонымен қатар қ олданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді.
– Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам осындай сайттар бұғаттауға жіберілді. Биыл барлығы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген, – деп жазды ведомстводан.
Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде 1-еуі шет мемлекеттің (Украина) азаматы.
– Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады, – делінген хабарламада.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді