Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіров Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралап жүр. Бүгін №15 мектепке жапсарлас салынып жатқан ғимараттың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты халықпен кездесу барысында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын талдауға ерекше көңіл бөлуде.
Бағдарламада әлеуметтік салаға баса мән берілген. Сондықтан депутат №15 мектепте жүріп жатқан құрылыс жұмысын жеке бақылап қайтты.
Жалпы 781 бала білім алатын ғимарат біраз уақыттан бері оқушыларға тарлық етті. «AMANAT» партиясының депутаттары осыны ескере келе, былтыр құзырлы органдарға мектепке жапсарлас ғимарат салу туралы ұсыныс айттық. Мәселені шешу мақсатымен биыл облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлініп, 300 орынға арналған ғимарат салына бастады, – деді депутат.
Жоспарға сәйкес құрылыс жұмысы келер жылдың ақпан айында аяқталуға тиіс.
Бұл жаңалық жергілікті тұрғындарды қуантты. Себебі кей ата-аналар балаларын тұрғылықты жерінен шалғай орналасқан мектепке апаруға мәжбүр.
Бұл мектепте оқушылар көп, сол себепті балаларға орын жетіспейді. Мен ұлымды басқа шағын ауданда орналасқан мектепке апаруға мәжбүрмін. Енді мектептің салынып жатқан жаңа ғимараты ашылған бойда баламды осы жерге ауыстырамын. Біз үшін бұл өте жақсы жаңалық, – дейді жергілікті тұрғын Әділет Асхатұлы.
Айта кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде өткен жылы 2550 оқушыға арналған 5 жаңа мектеп салынып, 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ Меркі ауданы Меркі ауылында 300 орындық балалар музыка мектебі пайдалануға берілді.
Ал 2024 жылы 5000-нан астаморынға арналған9мектепсалу көзделіп отыр.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова