Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиыл туризмді дамыту бойынша 83 инфрақұрылымдық жоба іске асады. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елімізде туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Мысалы, өткен жылы құны 27 млрд теңге болатын 28 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Осы жобалардың ішінде Балқаш курорттық аймағында инженерлік коммуникациялар салу, Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін автокөлік жолының құрылысы аса маңызды болып саналады. Сонымен қатар, Үшарал және Үржар әуежайларының іске қосылуы маңызды оқиға болды, бұл әуе тасымалы мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті, - деді министр.
Оның айтуынша, биыл 439,3 млрд теңгеге 83 инфрақұрылымдық жоба іске асып жатыр.
Туристік инфрақұрылымды дамыту проблемасын шешу мақсатында елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында әкімдіктерге тиісті құзырет беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп тоқталды Асхат Оралов.
Айта кетейік, былтыр 27 млрд теңге болатын 28 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары