18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Үкімет отырысында қаңтар, ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы тыңдалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биылғы қаңтар, ақпан айларында Қазақстан экономикасы 4,3% өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,7%, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 5% құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалады. Әсіресе, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғарғы өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2% құрады. Инвестиция нарығында көлік және қоймалауда 72, 8% ауыл шаруашылығы 33%, жылжымайтын мүлікпен операциялар 12,1%, сондай-ақ өнеркәсіпте 14,1%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 12,2%, өңдеу өнеркәсібінде 7,2%-ке өсті, – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы.
Өңірлер арасында Ұлытау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарында ең жоғары өсім байқалады.
Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылы қаңтарда сыртқы тауар айналымы 15,7% өсіп, 10,3 млрд доллар болды. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4% өсіп, 6,1 млрд долларға жетті. Өңделген тауарлар экспорты 21,5% ұлғайып, 2,1 млрд долларды құрады. Тауарлар импорты 4,2 млрд долларға жетті, - деді Әлібек Қуантыров.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр