1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБиыл Қарағанды облысында 50 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша ірі кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова ведомствоның Instagram парақшасында тікелей эфирде баяндады.
«Биылғы жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітілді. 54 мың адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде ұлттық жобаларды іске асырудың арқасында – 5 мың, бос орындарға – 22 мың, жеке бастамалар шеңберінде – 17 мың. Сәуір айындағы жұмыспен қамту шаралары арқасында 8 мың жұмыспен қамтылды», – деді Әсем Жүніспекова.
Қарағанды облысының ірі кәсіпорындарында, соның ішінде Saran индустриялық аймағында, Нұра және Бұқар Жырау аудандарында және Теміртауда жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал, мыңнан астам тұрғынның Skills Enbek платформасы арқылы маман атануына мүмкіндіктері бар .
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?