19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Республиканың барлық өңірінде қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеуге көшу үрдісі аяқталды. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл елімізде Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизинг тетігі іске қосылған болатын. Нәтижесінде автобус парктеріне 2,5 мың көлік, оның ішінде 774 экологиялық таза автобус жеткізілді. Аталған шаралар тозу деңгейін 13 пайызға дейін төмендетті (46%-дан 33%-ға дейін).
Сондай-ақ жыл ішінде барлық өңірде қалалық автобустар электронды жол ақысын төлеуге көшті. Өз кезегінде автобустарды онлайн режимде толық диспетчерлік сүйемелдеу аялдамаларға автобустардың келуі арасындағы ең көп аралықты 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта бұл аралықты 15 минутқа дейін азайту міндеті тұр.
Айта кетерлігі, өткен жылдармен салыстырғанда жолаушылар саны 9%-ға артып, 1,5 млрд жолаушыны құрады
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары