20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл елімізде 77 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде биыл 217 мектептің құрылысы басталған.
1 қазанға дейін елімізде 78,5 мың орынды 77 мектеп ашылды. Осы жылдың соңына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 137,7 мың орынға арналған 165 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 77 мың орынды 62 мектепті пайдалану жоспарлануда. Бұл өз кезегінде 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін және 113 ауылдық елді мекендерде орналасқан мектептердің тапшылығын шешуге ықпал етеді, - деді Ғ.Бейсембаев.
Министр өз сөзінде алдағы екі жылда 740 мың орынды 369 жайлы мектеп салу жоспар барын айта кетті.
Сондай-ақ, биыл жоспарланған 260 мемлекеттік мектептің 206-сында күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 1000 ауыл мектептерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 900-ге жуық мектепті жаңғырту аяқталды, деді - ведомство басшысы.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?