22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБиыл балаларды қосымша біліммен қамту оқушылардың жалпы санынан 3,2 млн-нан 3,4 млн-ға дейін өсті. Олардың 62 пайызы тегін үйірмелер мен секцияларға барады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінге елімізде 380 түрлі бағыттағы үйірмелер бойынша қызмет көрсететін 2142 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. Мұндай мәліметті Оқу-ағарту министрлігі ұсынды.
Қосымша біліммен қамтылған балалардың үлесі 2020 жылы 63,5% болса, 2025 жылы 87,2%-ға дейін өсті.
Оқу-ағарту министрлігі тұрғылықты жеріне қарамастан, балалардың барлық санаттары үшін қосымша білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Өткен жылы елімізде 1713 мектептен тыс ұйым жұмыс істесе, биыл олардың саны 25%-ға артып, 400-ден астам жаңа қосымша білім беру ұйымы ашылды, - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахымберлин.
Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 12 өңірінде 22 оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 5 қосымша білім беру нысаны Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында пайдалануға берілді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев