7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Бүгінде елімізде 11 346 мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымы бар. Биыл 229 мемлекеттік балабақшаны реновациядан өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайын жақсартуға бағытталған. Өткен жылы 198 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, компьютерлік техникасы жаңартылып, модернизациядан өткен еді.
Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы – бұл әр баланың болашағын жарқын, табысты етуге салынған инвестиция, - деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Бұдан бөлек, елімізде жаңадан балабақшалар ашылып жатыр. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 801 нысанға көбейді. Ал соңғы бес жылда балабақшаларға кезектілік екі есеге кеміді, осылайша 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 91%-ды құрады. Осы жылы бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізу көзделді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?