Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл Екібастұзда 4,4 мыңнан астам мас тұрғын анықталып, ішкілікке салынған 42 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күн сайын Екібастұз полициясына азаматтардан мас тұрғындар туралы арыз түседі. Ішімдік ішетіндер алкоголь оларды қылмысқа итермелейтінін және өздері де қылмыстың құрбаны болуы мүмкін екенін ескермейді.
Патрульдеу барысында полицейлер қоғамдық орындарда, үйлердің кіреберістерінде, аялдамаларда ұйықтайтын азаматтарды анықтайды. Барлық жағдайларда мас адамдарды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткіземіз, ал қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Шанкотов.
Тек осы жылдың өзінде 4400-ден астам мас азамат арнайы орталыққа жеткізілді, оның ішінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 64 адам Павлодардағы қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Ішкіліктен мәжбүрлеп емдеуге 42 адам жіберілді. Екібастұз қаласының полиция басқармасы көшелерде және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң күйде пайда болуы 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?