Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШҚО-да жыл басынан бері бұралқы иттерден 300-ге жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл өңір бойынша 400-ге жуық адам түрлі жануарлардан зардап шеккен.
Оның ішінде қаңғыбас ит қауып алғандар саны көп. Зардап шеккендердің барлығына құтырмаға қарсы екпе салынды.
«Иттерден – 270 адам, мысықтан – 97 адам, қасқыр мен түлкіден – 1 адамнан зардап шекті. Оның ішінде құтыру ауруы тіркелген жоқ. Облыстың барлық аудан-қаласында бұл ауруға қатысты тәуекел тобындағы азаматтарға жоспарлы түрдегі вакцина салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 65 адам екпе алды», - дейді департамент басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте бұралқы иттердің адамдарға шабуыл жасауына жол бермеу керектігін айтқан еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді