20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада биыл 300 көше жөнделеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Қала мен тұрғындардың өсуін назарға ала отырып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің нысандарын салумен бірге, жол инфрақұрылымын дамытуға да көңіл бөлеміз. Биыл қалаға 400 автобус жеткіземіз. Ал басым бөлігі шілде айынан бастап жеткізіле бастайды. Сондай-ақ қала жолдарындағы көлік ағынын сейілту үшін биыл Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысын аяқтаймыз, - деді елорда әкімі.
Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді, сол сияқты сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынұлы, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Б. Момышұлы даңғылымен және қосымша байланысты қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар барлық ауданда жол жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Биыл ұзындығы 54 км-ден асатын 70-тен астам көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз. Мәселен олар Ғұмар Қараш, Қордай, Бурабай, Белжайлау көшелері, Кенесары көшесінің Ғабдуллин көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралығы, Уәлиханов көшесінің Кравцов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралығы, Тәшенов көшесінің Республика даңғылынан Амман көшесіне дейінгі тұсы, Иманбаева көшесінің Иманов көшесінен Кенесарыға дейінгі аумағы, Әл-Фараби даңғылының Алаш тасжолынан Пушкин көшесіне дейінгі жері, Жеңіс даңғылының Бөгенбай батыр тұсынан Кенесары көшесіне дейінгі аралығы, Еңбекшілер көшесінің құрылысы Ұлы дала даңғылынан Бұқар жырау көшесіне дейінгі тұсы; Рысқұлов көшесінің Мәңгілік ел даңғылынан Қайсенов көшесіне дейінгі аралығы, Сарыарқа, Р. Қошқарбаев даңғылдары және т.б. Биыл шамамен 300 көше жөндеуден өтеді, - деді қала басшысы.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?