10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБиыл әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілерді лицензиялау енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, арнаулы әлеуметтік қызметтердің әлеуетті алушыларын есепке алу және мониторингтеу жөніндегі өңірлік картаны өзектендіру жоспарлануда.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді. Меншік нысанына қарамастан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер лицензиялауға жатады, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау бойынша жаңа тәсілдер қайта қаралып, енгізіледі. Бүгінде жүйелеу және есепке алу үшін әлеуметтік қызметкерлердің арнайы тізілімі жасалды. 12 167 әлеуметтік қызметкердің 11 616-сы оқып, 9 429 адам сертификат алды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді