Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБиыл 4 мыңнан астам адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) қабылданды. Тұжырымдаманың бір бағыты – бұл қоныс аудару бағдарламаларын қайта қарау есебінен жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті теңестіру үшін қазақстандықтардың ішкі ұтқырлығын ынталандыру, - деді Үкімет басшысы Сенат депутаттарының сауалына жауап бере отырып.
Оның атап өтуінше, қазір ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, 2023 жылы 8 652 адамды көшіру жоспарланып, осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 4 140 адам немесе жылдық жоспардың 48 пайызы (қандастар 1 032 адам және қоныс аударушылар 3 108 адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды, - деді Әлихан Смайылов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді