Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТМҰ мемлекет басшыларының 11-ші саммиті 2024 жылғы 6 қарашада Бішкек қаласында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығының мәліметінше, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ұйымдастыруымен өтетін саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстан Президенттері, сонымен қатар, ТМҰ бақылаушы елдерінің мемлекет / үкімет басшылары және ТМҰ Бас хатшысы қатысады.
“Түркі әлемін нығайту: Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және баршаға қауіпсіздік” ұранымен өтетін саммит ұйымның кең ауқымды күн тәртібіндегі жоғары деңгейдегі пікірталастар үшін маңызды алаң болмақ. Мемлекет басшылары маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдап, келісімдерге қол қояды. Экономика, сауда, цифрлық трансформация, көлік және қауіпсіздік салаларындағы ТМҰ жобаларына қатысты ресми құжаттарды бекітеді.
Саммитте мүше және бақылаушы мемлекеттер арасында түрлі салалардағы көп тарапты ынтымақтастыққа назар аудара отырып, аймақтағы және одан тыс саяси және экономикалық ахуалына байланысты пікір-таластар өтеді. Көшбасшылар Түркі дүниесінің бірлігі мен дамуын одан әрі нығайту мақсатында ортақ сын-тегеуіріндерге қарсы күресу және мүмкіндіктерді пайдалану бойынша пікір алмасады.
Биыл Түркі мемлекеттері ұйымының ХІ саммитінде ұйымға төрағалық Қазақстаннан Қырғыз еліне табысталады.
Жабылу рәсімінде мемлекет басшылары Бішкек декларациясына және бірқатар маңызды құжаттарға қол қояды.
Саммит қарсаңында ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі күн тәртібіндегі мәселелер мен Мемлекет басшылары қол қоятын құжаттарды түпкілікті бекіту үшін Бішкекте бас қосады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?