18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?«Қазақ-Қырғыз жастар форумы» өз жұмысын аяқтады. Екі елдің жас көшбасшылары жастар саласының ынтымақтастығы мен дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, қоғам қайраткерлері, жастар және студенттік ұйымдар қатысты.
Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы сөз сөйлеп, қазақ пен қырғыз – ежелден іргесі бөлінбеген, тарихы мен тағдыры егіз ұлттар екендігін атап өтті.
Тарихқа құрмет көрсетіп, жетістікке жігермен және адалдықпен ұмтылсаңыздар, сіздер алмайтын асу жоқ, - деді Мәулен Әшімбаев.
Форумның екінші күнін мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ашып, қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайтуда жастардың алатын орны ерекше екенін тілге тиек етті.
Бұл форум екі ел жастарын ынталандыру және пікір алмасу, олардың түрлі саладағы жетістіктерін қолдау және тану, сондай-ақ, алдарында тұрған өзекті мәселелерді анықтау және шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Форумға қатысушылар білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, мәдени алмасу және жастардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Айта кетейік, тәуелсіздік алғаннан бері қазақ-қырғыз жастар форумы тарихта тұңғыш рет өткізіліп отыр.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр