Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қайтыс болды деген Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айтбек «Гиперборей» YouTube-арнасына берген сұхбатында Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың мәлімдесіне қатысты пікір білдіріп және олардың Салтанатты ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқанын айтты.
Осыдан біраз уақыт бұрын бұрынғы депутат Уәлихан Бишімбаев блогерлер мен БАҚ өкілдері ұлына жала жапқанын алға тартып, тергеу ісіне қысым көрсетілгенін мәлімдеген.
Бұл мәлімдеме күлкімді келтірді: ұлының адам өлтіргенін жазған БАҚ өкілдері мен блогерлерді айыптау деген не деген сұмдық. Бұл біз көтергендіктен ғана емес, онсыз да қоғамдық резонанс тудырған оқиға болды, - деді марқұмның ағасы.
Айтбек Амангелдінің сөзіне қарағанда, Уәлихан Бишімбаев сөзін көңіл айтумен бастағанымен, кейіннен Нүкенованың туыстарын айыптауға көшкен.
Бізге де жала жапты, тергеуді сатып алды деп айыптады, - деді Айтбек.
Сонымен қатар Бишімбаевтың туыстары Салтанат Нүкенованы ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқан.
Бишімбаевтар келгенін адамдардан естідік. Олардың кіруіне қарсы болдым. Бірақ мүрдені шығаруға жарты сағат қалып еді, сондықтан үлкендер жағы айқай-шу шығармауды тапсырды. Бишімбаевтың анасы мен әкесі келді, - деді Салтанаттың ағасы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?