Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысын жүргізген судья Айжан Құлбаеваға қоқын-лоқы жасағандар анықталды ма? Бұл сауалға сот отырысынан кейінгі брифингте Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі үйлестіруші судья Алма Есімова жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сотқа дейінгі алдын ала тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні бұл жағдай бойынша қылмыстық іс тіркелмеді. Судья қазіргі таңда күзетшілердің қарауында - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында судья Айжан Құлбаеваға әлдебіреулердің қоқан-лоқы жасағаны жөнінде ақпарат тараған еді.
Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.Ал туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді